Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Метеорология және гидрология / Рысалиева Лаура Сергеевна

Рысалиева Лаура Сергеевна

Метеорология және гидрология
Scopus author ID: 59966760300
       Рысалиева Лаура Сергеевна 2013–2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Метеорология» мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды. 2017–2019 жылдары осы мамандық бойынша магистратурада оқуын жалғастырды. Кәсіби қызметін 2019 жылы «ҚазЭкоПроект» ЖШС-да атмосфералық ауа бөлімі жетекші маманы лауазымында бастап, атмосфералық ауаның ластануын бағалау және талдау мәселелерімен айналысты. 2023 жылы Қазақстан-Германия университеті жанындағы Табиғи ресурстар және тұрақты даму орталығында ғылыми-зерттеу қызметін жалғастырды. 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында 8D05204 – «Метеорология» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды. 4 ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 2 мақала Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген. Хирш индексі — 1. 2015 жылдан бастап құрғақшылықты және атмосфералық ауаның ластануын зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысып келеді. Қытай Ғылым академиясының Атмосфера физикасы институтында (Пекин қ., Қытай), Висконсин– Мадисон университетінде (Мадисон қ., Висконсин штаты, АҚШ), сондай-ақ Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей) ғылыми тағылымдамалардан өтті. Қазіргі уақытта 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» ғылыми жобасының жетекшісі болып табылады: AP25796409 «Машиналық оқыту әдістері негізінде Солтүстік Қазақстан үшін атмосфералық құрғақшылық тәуекелін бағалау және ерте ескерту жүйесін әзірлеу».
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Бакалавриат 2017
Академикалық дәреже

1

Рысалиева Лаура СергеевнаРаимбекова Ж.М., Сальников В.Г. Солтүстік Қазақстандағы Құрғақшылық Көрсеткіштерінің маусымдық Сезімталдығы: Салыстырмалы Бағалау және Оңтайлы Көрсеткіштерді Таңдау. 2025 - г. 25 - стр. 0